«Ақынға тағзым»

17.05.2024

17 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, драматург Ілия Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ақынға тағзым» атты танымдық сағаты өтті. Іс – шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге ақынның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ақын туралы естеліктер, мерзімдік басылымдар беттеріне жарияланған еңбектері оқырмандарға ұсынылды. Шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Ақынның  өмірі мен шығармашылығын, қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбегін оқырмандарға насихаттау.