«Алашқа ортақ тұлға – Ақселеу»
 
            
            17.02.2022
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 17 ақпан күні жазушы қаламгер, қазақ әдебиетінің зерттеушілерінің бірі, ғылым, филология ғылымдарының маманы А.Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Алашқа ортақ тұлға – Ақселеу» атты иннсталляциялық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының өмір жолдары, кітаптары, Ақселеу туралы ақын-жазушылардың ой-пікірлері, мерзімдік басылымдарда жарияланған деректер, бүктеме қағаз және жазушының отбасы туралы мәліметтер қойылды. Көрме кітапханаға келген оқырмандарға таныстырылып, кеңінен насихатталды. Мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты тану, шығармаларын жатқа айтуға баулу. Жерлес қаламгеріміздің даралығын танытып, адамгершілік шығармашылық тереңдігін сезіндіру, эстетикалық тәрбие беру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                