«Алаштың ардақтысы»

26.06.2024

      Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 26 маусым  күні  Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы»  атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып,  кітапханашы А.Жокенова библиографиялық шолу жасады. Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, ақпараттық сағаты өткізілді. Оқырмандар С.Сейфуллин өлеңдерін жатқа оқыды.  Мақсаты: Көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, Сәкен Сейфуллиннің өмірімен,шығармаларымен таныстыру.