«Алғыс айту парызым!»
 
            
            01.03.2022
Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасы мен мәдениет үйінің бірігуімен 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым!» атты кездесу кеші өтті. Кешке ауылымыздың дамуына өзіндік үлестерін қосқан ардагерлер қатысып, мектеп оқушылары ардагерлерге арнап өнерлерін көрсетті. Мақсаты: оқырмандарды үлкен–кішіні сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                