«Ана тілім - ардағым»

05.09.2024

           5 қыркүйек Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында  5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай  «Ана тілім - ардағым»  тақырыбында көркемдік ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараға Ынталы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Әлібекова Зәмзагүл апай қатысты. Оқушылар ана тіліміз туралы өлеңдерін жатқа айтып, мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Ж.Есқараева оқырмандарға кітап көрмесімен таныстыра отырып, тілімдізді құрметтеу барлығымыздың борышымыз екеніне баса назар аударды. Мақсаты: Оқырмандарға бабаларымыздың, ақындарымыздың ана тіліміз туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау арқылы сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.