«Арқа төсіндегі ару қала-Нұр-Сұлтан»
 
            
            04.07.2022
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 4 шілде күні «Арқа төсіндегі ару қала-Нұр-Сұлтан» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бас қаламыз туралы мағлұмат беріп, балалардың өз қолдарымен жасаған астанамыздың келбеті туралы айтылды. Балалар Нұр-Сұлтан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ойларын жүйелі жеткізді. Мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласының символы, Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдылану. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                