«Арулар – отты жылдарда»

05.05.2023

5 мамыр Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасыда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Арулар – отты жылдарда» атты тарихи сағат ұйымдастырылды. Шара  мемлекеттік гимнмен ашылды. Тарихи сағат барысында «Ұлы Отан соғысындағы  Әлия мен Мәншүк  туралы» ең жас қазақ батырлары туралы  бейнебаяндар ұсынылды. Сонымен қатар тақырыпқа орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Жеңіс сарбазы», «Ерлікті сүйген ел нұрлы» кітаптар, батыр қыздарымыз Әлиямен Мәншүктің фотосуреттері топтастырылды. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы болған Жеңіс  жалауы желбіреген күн. Іс – шара барысында сахна  төрінде патриоттық әндер шырқалып, би биленді. Қонаққа Ұлы Отан соғысының ардагері, Батыр Тоғызбаев Көпберген атамыздың ұрпағы Қуаныш атамыз қатысты. Атамызда бір – бір ауыз құттықтауларын жеткізді. Кеш соңында атамызға сыйлық тапсырылды. Мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.