«Астана-бас қала»

05.07.2023

Астана  күнінің 25 жылдық мерейтойына орай  Жасөспірімдер кітапханасында  «Астана-бас қала» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрменің басты мақсаты: оқырмандардың Елорда - Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру, ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Алаңда жастарға Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған ойлары мен істері жазылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабынан бастау алып, ақын-жазушылар Н.Иманқызының «Астана-Ақорда», «Ерке Есіл», А.Смайылдың «Астана ғасырлары», С.Бексейіттің «Астана уақыты», «Астана - Қазақстанның жүрегі»т.б кітаптар таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылды