«Астана – ұлтымыздың рухани ордасы»
 
            
            06.07.2025
6 шілде — Астана күніне орай Ералиев ауылдық кітапханасында «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы оқырмандар Астананың тарихымен танысып, елорданың қалыптасу кезеңдері мен даму жолдары жөнінде мол мағлұмат алды. Сондай-ақ Астананың абыройын асқақтатып, ғасырлық дәстүрмен сабақтасқан бүгінгі келбеті кеңінен насихатталды. Мақсаты: балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы жан-жақты мәлімет беру, патриоттық сезім қалыптастыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                