«Ата Заң – елдігіміздің еңсесі»
 
            
            29.08.2025
29 тамыз күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Әкім аппаратының мамандары мен Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Ата Заңымыздың тарихы мен маңызы туралы айтылып, «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ботбаева Айгүл библиографиялық шолу жасады. Көрмеге Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қазақтың Ата Заңдары», сондай-ақ фотосуреттер мен буклеттер топтастырылды. Мақсаты: Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу, жастарға елдің негізгі заңы - тұрақтылық пен татулықтың кепілі екенін түсіндіру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                