«Аты аңызға айналған тұлға»
 
            
            23.04.2025
23 сәуір Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында «Аты аңызға айналған тұлға» атты тарихи сағат ұйымдастырылды. Шараға 1-сынып оқушылары арнайы шақырылып, ел тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі — жазушы, қолбасшы, әскери маман, Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолымен танысты. Іс-шара барысында «Москва үшін шайқас», «Ақиқат пен аңыз», «Ұшқан ұя» сынды қаламгердің еңбектеріне шолу жасалды. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға ардақты азаматтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мағлұматтар ұсынды. Мақсаты:Оқушыларға Б.Момышұлының ерлігі мен өнегелі өмірін насихаттау, патриоттық тәрбие беру және батыр жазушының әдеби мұрасымен таныстыру болды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                