"Ауған соғысы - тарих қойнауының бір парағы"

14.02.2024

14 ақпан күні  Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Ауған соғысы - тарих қойнауының бір парағы"атты ақпарат сағаты өтті. Ауған соғысының тарихы жайлы, қиындығы мен қасіреті туралы видеоролик көрсетіліп  ақпарат берілді,  жат жерде ерліктің үлгісін көрсеткен, елдікті ерлікпен ұштастырған ағалар ерлігі үлгі өнеге ету мақсатында, ауған  соғысына қатысқан жерлес жауынгерлеріміздің фото көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, жауынгерлеріміздің өмірбаяны мен сол кездегі оқиғалары туралы ақпарат айтылды.  Сонымен қатар оқырмандарымыз   ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы  пікір алмасты. Мақсаты:  Жат жерде ерліктің үлгісін көрсеткен, елдікті ерлікпен ұштастырған ағалар ерлігі үлгі өнеге ету. Ауған соғысы туралы ақпарат беру.