«Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы»

15.02.2024

«Сәкен Сейфулин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай  «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты кітап көрмесі мәдениет үйінде таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар  «Данқ» энциклопедиялық анықтамалық басылым, А.Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» Б.Смағұлдың «Тағдыр тозағы ад судьбы»,  С.Акимбековтың «История Афганистана», «Когда поют солдаты», «Афганские звезды», А.Тамониковтың «Бой в ливийской пустыне» атты  кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар және ауданымыздың ардагерлеріне арналған буклеттер топтастырылды.