«Ауған соғысы-жүректегі жара»

12.02.2024

12 ақпан күні балалар кітапханасында Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған   «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке аудан соғысының ардагерлері Накипов Бек Далбайұлы мен Бекетаев Абушахман Маметайұлы, Тынысбаев Ермек ағаларымыз келіп қатысты. Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларамызды 1 минут үнсіздікпен еске алынып, өмір мен өлім белдескен қанды шайқастың қиындығы мен жүрекке салған жарасы жайлы сөз қозғады. С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Ақерке Рымбаева ардагерлерімізге жылы лебізін білдіріп, ауған соғысы жайлы тың деректерімен бөлісті. Кездесу кешінінде №1 мектеп лицейдің  ЖОББМ 6 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Айдана Дулатқызы ,  «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» маманы Ерсұлтан Хамитұлы қатысты. Ауданымыздағы іргелі өнер шаңырақтарының бірі С.Майғазиевтің «Smart»  өнер мектебінің  оқушылары жетіген аспабында ойнап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы талантты жас өнерпаз Амангелді Шұғыла әннен шашу шашып, оқушылар ардагерлерге  арнау өлеңдерін арнады. Әуелеткен әндер, әсерлі әңгімелер жанды тебірентіп, сонау жылдардағы отты майданмен қатар, айнымас дос таба білген ардагерлердің әңгімелері оқушылардың естерінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Қатысушы қонақтар мен оқушыларға Кеңес әскерлерінің майдан даласындағы ерен ерліктері жайлы  бейнебаян көрсетіліп, кітапханашы Айгерім Сейілханқызы «Ауған соғысы-жүректегі жара» атты кітап көрмесіне шолу жасап, ауған соғысы жайлы жазылған кітаптармен таныстырып, фотосуреттердің тарихын баяндады. Кеш соңында балалар кітапханасының меңгерушісі Нұргүл Бексұлтанқызы елдің көсегесін көгертуге ат салысып жүрген ардагер жауынгерлерімізге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.