«Ауған соғысы жүректерге жара салды»

13.02.2024

13 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай мәдениет үйінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші және С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Ауған соғысы жүректерге жара салды» тарихи сағат өтті. Ауған соғысы куәгерлері өздерінің басынан кешкен оқиғалары мен көрсеткен ерліктері туралы әңгімелеп берді.  Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ардагерлердің өжеттігін үлгі ету.