"Авторлық келісімшарт"

17.08.2023

Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары, өлкеміздің тумасы, ақын Әсет Аманжолов «Сәкен Сейфуллин атындағы ОКЖ» КММ-нің ақпараттық-библиографиялық бөлімімен «Жаңаарқа» ақпараттық-танымдық кітабының авторларының бірі ретінде авторлық келісімшартқа отырып, кітаптың электронды нұсқасын кітапхана сайтына жүктеу және өлке жайлы ақпараттандыруды жүзеге асыру мақсатында сыйға тартты. 

Сондай-ақ «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында ғалым, сөз зергері Ісләм Жарылғаповтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағын, Жамбыл Омаридің «Кетбұға – жырау, аталық, қолбасшы» кітаптары мен «Qasym» республикалық әдеби-қоғамдық журналдарын сыйға берді.

Кітапханшылар мен қалың оқырмандар атынан алғыс білдіріп, «мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын» деген игі тілектеміз.

#кітапхана #кітапханағакітапсыйлаакциясы #өлкетану #ақпараттық-библиографиялықбөлімі #авторлықкелісімшарт