«Азаттықты аңсаған қайраткер – Міржақып Дулатұлы»

08.10.2025

Түгіскен ауылдық кітапханасында 8 қазан күні «Азаттықты аңсаған қайраткер – Міржақып Дулатұлы» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай қоғам қайраткері, алаш зиялысының еңбектерін, кітаптарын, өмір жолын оқырман қауымға насихаттау. Шолуда Міржақып Дулатұлының қызы Гүлнұр Дулатованың зерттеу еңбектері, әдебиеттанушының кітаптары оқырмандарға ұсынылып, таныстырылды. Оқырмандар ақынның өмір жолы мен азаттық жолындағы күресі туралы баяндама тыңдады.