«Бақытты балалық шақ»
 
            
            01.06.2022
1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Жұмажанов кітапханасы мен ауылдық мәдениет үйі бірлесіп, «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шарамызда ашық микрофон алаңы болды, балапандарымыз жарыса әндер айтып, жатқа өлеңдер оқыды. Сонымен қатар ойындар ойнатылып, түрлі сыйлықтар таратылды. Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін ашу, тақпақ, өлең әндерін нақышына келтіріп айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға үйрету.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                