«Бақытты балалық шақ»

01.06.2023

Қызылжар кенті үлгілі кітапханасы 1 маусым- Балаларды қорғау күніне орай  Саябақта «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс –шарамен қатар спорттық ойындар өтті. Мерекелік іс –шараға ауылымыздың кішкентай бүлдіршін балалары, мектеп оқушылары қатысты. Тақпақтар, өлеңдер айтылып, билер биленді. Сұрақ –жауап ойындары ойнатылды. Спорттық жарыс 3 кезеңнен құралды.Скакалкамен секіру, допты жерге түсірмей қағып алу, флешмоб. Мерекелік іс –шараның соңынан балаларға сыйлықтар таратылды. Мақсаты: Балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу.