«Бал тілді, бала мінезді ақын»

23.07.2022

23 шілде күні іс-шараның жалғасы ақынның туған жері Қараағаш ауылында өтті. Ынталы ЖОБ мектептің  ғимаратында ақынның «Бал тілді, бала мінезді ақын» атты стенд қабырғасының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Ақының қызы Манат Жақанқызы мектеи қабырғасынан орын тепкен тамаша стенттің әрі қарай үлкен мұражайға айналуын тіледі. Барша ұйымдастыру алқаларына алғысын білдірді. Осы игі шараның бас қасында жүріп, қаржылай демеушілік білдірген Жақан атамыздың туысы  шаруа қожалығының иесі, жомарт азамат Бекзат Оспановтың еңбегін айта кеткен жөн. Мектеп  директоры Гүлжамал Қалкенқызы бастаған ұжымның Ж. Смақов атына беру шаралары бойынша атқарып жатқан жұмыстары ұшан теңіз. Келген қонақтарға оқу ісінің тәрбие жөніндегі орынбасары Асылбек Сайлауұлы мектеп мұражайымен таныстырып, ауыл тарихын баян етті.  Жақан Смақовтың туыстары ауыл кітапханасына бас сұғып мен кітап көрмесіне назар аударды. Қараағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бота Булкаерова   қонақтар мен ауыл тұрғындарына библиографиялық шолу жасап, кітапхана тарихын баян етті. Кездесу кеші мәдени сауық орталығын «Туған жердің асылы» атты әдеби сазды кешіне ұласты. Ауыл әкімі Дулат Ерғалиұлы аты аңызға айналған ақынның азғана ғұмырында мол мұра қалдырып кеткені жайлы айта кетіп, келген қонақтарға алғысын білдіріп, Манат Жақанқызына сый-сыйапат жасады. Жақан атамыздың замандасы биыл 90 жасқа келіп отырған  Орынтай әженің естелік сұхбаты көрсетілді. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.  Ақын Болат Асанов Жақан Смақовқа жазған арнау өлеңін оқып, кітапбын Манат Жақанқызына сыйға тартты. Өлкетанушы Сайлау Балташұлы және ауыл имамы Смағулов Мәжит аталарымыз Жақан Смақовтың азаматтық пайым парасаты жайлы айтты. Ақынның көзін көрген ауыл ақсақалы Доскенов Бапаш  бүгіңде ұмыт болған  «Белқараған» әнінен үзінді орындап берді. Кеш соңында Манат Жақанқызы ақын әкесінің улкен портереті мен дипломын, партия билетін, әскери билеті мен көзі тірісінде жарыққа шыққан кітаптарын сыйға тартты.