«Бала - өмірдің гүлі»

01.06.2024

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасы және әкімшілік пен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен   «Бала - өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш және «Толағай» спорттық сайыстары  ұйымдастырылды. Кешті Бидайық ауылдық округінің әкімі  Н. Жамауов келген балаларды мерекелерімен құттықтап, ашып берді. Балаларға концерттік бағдарлама ұсынылып, кітапханашы А. Абишева қызықты толағай сайыстар жүргізді. Бүлдіршіндерімізге мерекелік көңіл - күй сыйланды. Мақсаты: Балаларға  шын көңілден шаттық  көңіл – күй, қуаныш пен бақыт сыйлап, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуына баулу