«Балалар кітап әлемінде»

01.06.2023

           1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Отыншы Баубек атындағы жазғы саябағында  Жасөспірімдер кітапханасы мен Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, «Біз бақытты баламыз»  атты спорттық ойындар  библиокруизі және «Балалар кітап әлемінде» атты кітап көрмесінің таныстырылымы болып өтті. Мерекеде балалар кітап көрмесімен танысып, ән айтып, өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Сондай- ақ, Аю, Түлкі, Сайқымазақ, Қоян  сынды кейіпкерлер балалармен бірге ойындар ойнап, ертегілер әлеміне естен кетпес саяхат жасады. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған библиокруиз кеші көңілді әрі қызықты өтті. Қатысқан балаларға шара соңында естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.