«Балалар поэзиясының падишасы»
 
            
            12.01.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасында 12 қаңтар күні Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Балалар поэзиясының падишасы» тақырыбында әдебиеттік оқу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға сыйқырлы сандық ұсынылып, ішінен автордың кітаптары таңдалып алынып, оқырмандар өздері қалаған өлеңдерді мәнерлеп оқып берді. Мақсаты: Балалар ақыны Ескен Елубаевтың өмір жолымен, шығармашалық мұрасымен таныстыру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы әдептілікке, ізеттілікке шақыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                