«Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы»
 
            
            28.05.2025
28 мамыр күні Мәдениет үйінде Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық кітапхана кітапханашылары мен Мәдениет үйі қызметкерлері бірлесіп, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар ән шырқап, тақпақ айтып, өлең оқып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Концерт соңында бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, олар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Мақсаты: балалардың тыныштығын сақтау, жеке қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін дамыту.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                