«Бар мейіріміміз балаларға!»
01.06.2021
Байдалы би үлгілі кітапханасында 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай ауыл ішінен екі бірдей балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылды. Ойын алаңына «Бар мейіріміміз балаларға!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани-мәдениет акциясы аясында және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердіңь кітап оқуын қолдау жылы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары қойылып оқырмандарға таныстырылды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                