«Батаменен ел көгерер»

20.03.2023

20 наурыз күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында  22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Батаменен ел көгерер» атты танымдық сағат өтті. «Наурыз – шаттық мереке»  тақырыбында көрме жасалды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымыз наурыз күніне арналған ән мен билерін шашу етіп, қазақтың ұлттық асық ойыны ойнатылды. Оқырмандарымызға дастархан жайылып,наурыз көже таратылды.Соңынан дастарханға батаны Әлтаев Манас және Ахметжан Нұрсәт,Әбілдә Тоқтар бата берді.