«Бейбітшілік - ел тілегі»
 
            
            30.04.2025
30 сәуір күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік - ел тілегі» тәрбие сағаты өтті. Онда кітапханашы кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Сонымен қатар оқушылар әр ұлттың киімін киіп, өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Халықтар арасында достықты нығайту, ынтымақтастыққа және өз Отанын сүюге баулу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                