«Бейбіттің шұғылалы күндері»

18.10.2023

18 қазан күні Жаңаарқа кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ұлттық спорт федерациясының төрағасы, ұлттық ат спортының 1 санаттағы төреші, «Ерен Еңбегі үшін» ҚР Мелекеттік медальінің иегері, әнші – сазгер ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР «Құрметті спорт қызметкері», ауыл шаруашылығы саласының «Құрметті ардагері», ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» медалінің иегері Қасенов Бейбіт Байбосынұлы кітапханамызға арнайы келіп ақпараттық – библиографиялық бөлімге «Бейбіттің шұғылалы күндері» атты кітабын сыйға тартып, авторлық келісім – шартқа отырып өлке қорын толықтырды. Сыйға тартқан кітаптары үшін ардагер Бейбіт Байбосынұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!