«Бердібек Соқпақбаев шығармалары»
 
            
            06.02.2024
Түгіскен ауылдық кітапханасында ақпан айының - 6 күні «Бір ел-бір кітап» жалпы ұлттық кітап оқу акциясы аясында «Бердібек Соқпақбаев шығармалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолын, шығармаларын оқырмандарға таныстыру. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеу

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                