«Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз»

31.05.2024

31мамыр күні Орынбай ауылдық үлгілі  кітапханасында  31 мамыр cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз» атты еске алу кеші мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Шараға – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің  істері туралы оқырмандарға насихатталды. Қуғын-сүргін 100 мыңға жуық Қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары туралы кітапханашы Маяузова Жанерке баяндап, өмір жолдарын насихаттады. Кітапханамыздың оқырмандары біраз мәліметтер алды. Мақсаты: Оқырмандарға «Алаш» туралы мағлұмат бере отырып, елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, халқымыздың тарихын қастерлеуге, елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.