«Біз өмірдің гүліміз»

31.05.2024

31 маусым күні М.Жұмажанов ауылдық мәдениет үйінде  1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып  «Біз өмірдің гүліміз» атты шоу бағдарлама  өткізілді. Кітапхана қызметкерлері  оқырмандарға  интелектуалды, заманауи ойындар  ойнатып,  «Бал  бөбегім балғыным» атты кітап көрмесін ұсынды. «Бақытты балалық шақ» атты сурет салу көрмесімен жалғасып, соңы «Ақниет» вокал үйірмесінің  концерттік бағдарламасымен аяқталды. Мақсаты: Балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.