«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

15.04.2024

   Түгіскен ауылдық кітапханасында сәуір айының – 15 күні  «Парасат жолы» бұрышы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Іс-шарада оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты бейнеролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы кітаптары таныстырылды. Оқырмандар ҚР «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды анықтап, пайда болу жағдайларын, қоғам дамуына, адам өміріне қалай кері әсер ететіндігі туралы өзара ой бөлісіп, адалдық пен парасаттылықтың адам өміріндегі маңызын тұжырымдады. Жанайдар Сәдуақасов атындағы мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.