«Біздің тұңғыш президентіміз - Елбасы» тақырыбында библио шар
 
            
            30.11.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасында 30 қараша күні 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Біздің тұңғыш президентіміз - Елбасы» тақырыбында библио шар өткізілді. Мақсаты Оқырмандарға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру. Міндеті: Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін артыру. Елбасын құрметтеуге, егемен леміздің абыройын асқақтатуға шақыру. Арнайы дайындалған «Біздің тұңғыш президентіміз - Елбасы» кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады. Оқырмандарға Елбасы жайлы бейне фильм көрсетілді. Оқырмандар шарлардағы Елбасы жайлы сұрақтарға жауап берді.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                