"Бүгінгі заманның ертегісі"

02.03.2022

Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы 2022 жылы балалар жылы аясында Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесімен бірге "Бүгінгі заманның ертегісі" атты шығармалары байқауының қорытындысын ұйымдастырды. 1 айға жалғасқан аудандық ертегі жазу шығармалар байқауына жалпы саны 43 жұмыс келіп түсті. Арнайы тағайындалған әділқазы алқасы жеңімпаздарды анықтады. Әділқазы алқасының мүшелері аудандық ардагерлер үйінің төреалқасы, зейнеткер ақын Амантай Нығатайұлы, "Жаңаарқа" газетінің бас редактор Салтанат Аманқызы, білім бөлімінің мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарының әдіскері Күлшат Мұқажанқызы мен мәдениет үйінің балалар және жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі, қуыршақ театрының жетекші Айман Айтжанқызы және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Жібек Оралқызы төре алқалық етті. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталатын болады.