«Дарынды, әрі жаңашыл ақын»
 
            
            20.02.2025
20 ақпан күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында жазушы, ақын Сәбит Бексейіттің туғанына 75 жыл толуына орай «Дарынды, әрі жаңашыл ақын» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, ұсынылған ақын өлеңдерін кезекпен мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, оқушыларға жерлес ақынымыздың өмірбаяны да таныстырылды. Мақсаты:Жазушының шығармашылық мұрасымен таныстыру, оқырмандарға ақынның өмірі мен өлеңдерін насихаттау

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                