«Дәуір. Тұлға. Естелік.»
 
            
            06.05.2025
6 мамыр күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Дәуір. Тұлға. Естелік.» тақырыбында фото көрме ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы мен соғыстағы ерліктері туралы мәліметтер берілді. Фото көрмеге 6-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығын, ерлік жолын жас ұрпаққа таныстырып, насихаттау.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                