«Домбыра күні – ұлттың үні»
 
            
            01.07.2025
1 шілде күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра күні – ұлттың үні» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы М. Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, домбыра аспабы туралы қысқаша мағлұмат берді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың ата-бабадан мирас болған дәстүрлі домбыраға қызығушылығын арттыру, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                