«Әдебиеттің кемел тұлғасы»

11.10.2023

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 11 қазан ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі, белгілі журналист К.Тоқаевтың 100 жыл толуына орай «Әдебиеттің кемел тұлғасы» атты кітап көрмесі мен флешбуг өткізілді. Шара барысында кітап көрмесіне кітапханашы Г. Акатова библиографиялық шолу жасап, кітапханашы М.Искакова «Кемел Тоқаев –детектив жанрының шебері» атты слайд көрсетті. Мақсаты: К.Тоқаевтың шығармасын оқи отырып ел тыныштығын торыған әскери адам болуға деген ынта – ықыласы артып, шығармаларын насихаттау.