«Ел рухы – Рәміздерім»
 
            
            04.06.2024
4 маусым – Қ.Р.Мемлекеттік рәміздер күніне орай Айнабұлақ ауылдық кітапханасында «Ел рухы – Рәміздерім» атты көрмесі әзірленіп, шолу жасалды. Көрмеге ұстаздар, ауыл әкімшілігінің бас маманы, мәдениет үйінің менгерушісі, оқушылар қатысты. Мерекелік іс-шара мәдениет үйінде Мемлекеттік Гимнін орындауымен ашылды. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу, жас ұрпаққа патриоттық сезім ұялату. Рәміздердің пайда болуы және оның тарихтағы орны жайлы білімдерін тереңдету.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                