«Елдің сәні – ерке балғындар»
 
            
            22.05.2025
22 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Елдің сәні – ерке балғындар» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Іс-шараға даярлық топтың оқушылары қатысты. Шара барысында балаларға арналған «Ертегілер сандықшасы» атты жұмбақтар ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтар табысталды. Мерекелік кеш соңында балаларға тәттілер таратылып, қуанышты көңіл-күймен тарасты. Мақсаты: Балаларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, оларды кітапханаға тарту және мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                