«Әлем таныған Әнуар»
 
            
            08.07.2025
8 шілде күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында қарымды қаламгер, көрнекті қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әлем таныған Әнуар» атты танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы М.Искакова арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: Жазушы Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ қаламгердің әдеби мұрасын терең зерделеу арқылы жас ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                