«Елімнің гүл жайнаған балғындары»

01.06.2023

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Елімнің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектеп, әкімшілік, мәдениет және кітапхана ұжымдары бірлесе отырып өткізді. Мәдениет үйінде «Бала деген бір бақыт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Кульмагамабетова Асыл библиографиялық шолу жасады. Балаларға ауылдың Ш.Ералиев саябағында кішкентай бүлдіршіндерге әр түрлі ойындар ойнатып, сурет салдырып,  оқушылар оқыған кітаптары туралы әңгімелеп берді. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамытып, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу