«Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра»

01.07.2024

       Түгіскен ауылдық кітапханасында шілде айының – 1 күні Ұлттық домбыра күніне орай «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты шеберлік-өнер сағаты ұсынылды. Мақсаты: Ұлттық домбыра күніне орай қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы, күй туралы түсінік беру. Домбыраның құрылысы, оның шығуы туралы аңыздармен, әңгімелермен таныстыру. Шеберлік-өнер сағатында оқырмандарға қасиетті аспаптың тарихы, домбыра туралы ақпарат беріліп, ойындар өткізілді. Домбыра үйренгісі келетін оқырмандар қатысты. Игілік Омаров атындағы «Серпер» оркестрінің жетекшісі, кәсіби маман Байдәулетова Ақжүніс Сағатбекқызы домбыра үйренудің бастапқы кезеңдерін көрсетіп, соңында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады.