«Ғалымның аты өлмейді»

04.08.2023

4 тамыз күні психология ғылымдарының докторы Сәлкен Балаубаевқа арналған «Ғалымның аты өлмейді» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: қазіргі психологияның өзекті теориялық және қолданбалы мәселелерін талдау, зерттеу тәжрибесімен алмасу, ғалымның шығармаларын таныту. Кездесу кешінің арнайы қонағы психология ғылымдарының докторы,  профессор Әмірова Бибісара Әубәкірқызы, ардагерлер ұйымының төрағасы Абжанов Амангелді, Тайтөлеуов Мұса және студенттер мен оқырмандар қатысты. Кеш барысында Сәлкен Балаубаевтың өмірі мен қызметжолы туралы естеліктер айтылып, арнайы дайындалған бейнеслайд көрсетілді. Келген қонақтарымызға С.Сейфуллин атындағы кітапхананың директоры міндетін атқарушы Қожамберлина Раушан Серғалиқызы өз алғысын білдірді.