«Ғажайып Жаңа жыл»

30.12.2021

       Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 30 желтоқсан күні Жаңа жылға орай «Ғажайып Жаңа жыл» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Жаңа жылға кішкентай оқырмандарымыз өз өнерлерін паш етті. Аяз ата мен ақшақар құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік бағдарламаға мектеп оқушылары белсене қатысты. Мақсаты:  Оқырмандарға мерекелік көңіл күй тудыру. Балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.