"Индустриальная Караганда" газетінің 90 жылдық мерейтойы

05.10.2021

       5 қазан күні аудандық үлгілі балалар кітапханасының "Парасат жолы" орталығында Қарағанды облысына танымал мерзімді басылым "Индустриальная Караганда" газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатына кітапханамыздың тұрақты оқырманы Күлше Оспанова апайымыз қатысып, аймақтың тыныс-тіршілігін баяндайтын басылымды үзбей оқитынын, ондағы мақалалардың қызықты әрі мағыналы екенін айтты. Өңірдің жаңалығын жариялап отыратын газетті мерейтойымен құттықтап,оқырмандарды газет  оқуға шақырды.