"Қариялар-ақылы тасыған дариялар"

02.10.2023

2 қазан күні Түгіскен кітапханасында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай "Қариялар-ақылы тасыған дариялар" атты іс-шара ұйымдастырылды. Кітапханамыздың құрметті оқырмандарымыз Бекмағамбетов Әлтай, ақсақалдар алқасы Шайгөзов Кашшафидтин, Құлжанбеков Жазбек аталарымыз, Адырбекова Мираж, Жашенова Гүлбану, Бибутова Дәркен апаларымыз қонақ болды. Мерекелік кеште Медетов Азамат "Анашым", Жанайдар Сәдуақасов атындағы мектептің оқушысы Төленбек Альдина " Ана" әнін орындады. Жанайдар Сәдуақасов атындағы мектептің оқушысы Укаша Бек Байдәулетова Ақжүніс ұстазымен "Ерке сылқым", "Балбырауын" күйлерін орындады. Қарттарды кітапханамызға жаңадан түскен кітаптармен таныстырылды. Шара соңында қариялар өз тілектерін тілеп, бата берді. Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық қадір-қасиет, имандылық, инабаттылық, үлкенді қадірлеуді, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.