«Қариялар – ақылы тасыған дариялар»

01.10.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасында 1 қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай «Қариялар – ақылы тасыған дариялар» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ауылымыздың ақ жаулықты әжелер мен ақылы дария ақсақалдарының көңілін көтеру, қарт оқырмандардың кітапханаға келуге деген қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында Игілік Омаров атындағы Мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, домбыра тартып өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы «Қарттар күні тарихы» тақырыбында баяндама жасап, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Ауыл әкімі Саят Смағұлұлы жылы лебізін білдіріп, өз атынан қаряларға сыйлықтар табыстады. Қызықты ойындар ойнатылып, дұрыс жауап берген ата – әжелерге сый – сыяпат берілді. Қонақкәде ретінде Дәркен әже ауылдың алты ауызынан ән шырқап, шара көркін аша түсті.