«Қарттарым – аман сау жүрші!»

01.10.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 1 қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – аман сау жүрші!» атты мерекелік кеш өткізілді. Қарттар күні - саналы ғұмырларын Отанға арнап, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ата – әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары - бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Бұл іс - шара Мәдениет үйі мен әкімшілік бірлесіп ұйымдастырды. Ауыл қарттарына арнап дастархан жайылып, шағын концерттік бағдарлама өткізілді. Қартарымызға жылы лебіздер айтылып, сый сыяпаттар табысталды. «Қарты бар үй – қазынасы үй» демекші қазыналы қарттарымыз аман болсын, қатарлары сиремесін, жас ұрпаққа үлгі болып, жолдарын берсін деген тілектеміз.
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлау, тыңдай білу, өз ата – бабасын ұмытпай есте сақтау, аталы сөзден ғибрат алу, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.