«Қарттарым аман - сау жүрсін»

01.10.2025
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 1 қазан күні Қарттар күніне орай Мәдениет үйінде «Қарттарым аман - сау жүрсін» атты мерекелік кеш өтті.Іс- шара ауыл әкімшілігі, Мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауылының кәсіпкерлері мен фермерлерінің демеушілігімен өткізілді. Қатысушыларға арнап мерекелік дастархан жайылып, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Бұл күн үлкендерге құрмет көрсетіп, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен мейірімділік дәнін себетін ерекше мереке!